1 мин.

Андрей Тихоновтың орнын кім басады

«Астана» клубының басшылығы келесі маусымда бас бапкер Андрей Тихоновтың орнына басқа маманды шақыртуы мүмкін.

«Тень отца Гурмана» телеграм-арнасының мәліметінше, «Астана» басшылығы «Каспийдің» қазіргі бас бапкері Срджан Благоевичтің кандидатурасын қарастырып отыр. Сондай-ақ «Ақтөбені» баптаған Юрий Уткульбаев та «Астанаға» келуі мүмкін.

Бұған дейін ресейлік БАҚ «Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов қызметінен кетуі мүмкін екенін хабарлаған еді.