1 мин.

Украина ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Петраков: «Қазақстан – тәртіпті және дайындығы бар команда»

Украина құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Александр Петраков команданың Қазақстанмен кездесуге дайындығы туралы айтты.

— Сіз бірінші ойынға 2 апта қалғанда Украина құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалдыңыз. Бұл қандай да бір түрде әсер етеді ме?

— Алғашында бұл өте қиын болды. Мен келістім, қатты уайымдадым, үлкен жауапкершілікті өз мойныма алдым. Бірақ қазір бәрі жақсы, бүгін мен жігіттерді көрдім, іске араласып кеттім. Қалай болатынын көрейік.

Жігіттердін барлығына телефонмен қоңырау шалдым, бүгін бұл бірінші жаттығу, формамызды қалпына келтіреміз, сондықтан мен қазірдің өзінде жұмыс үстіндемін.

Бұл ұлттық құрамалардың ерекшелігі, мұнда тез жинақтап алу үшін уақыт жоқ. Кәсіби маман болу керек және екі күн ішінде команданы жинай білу керек. Кім оны білмейді – сол білмейді. Біз тәжірибелі адамдармыз, жігіттерді ойынға дайындау үшін бар күшімізді саламыз.

Мен Қазақстанның матчтарын қарадым, маған бірден ақпарат жіберілді. Оны 10-тамызда жіберді. Мен осы күндері ойындарды қарадым.

Кеше мен Киевтегі Украина – Қазақстан ойынын толық көрдім. Еуропа чемпионаты алдында Солтүстік Македониямен ойынын көрдім. Франция құрамасымен бүкіл ойынды қарадым.

Біз кіммен ойнағанымызға қарамастан, көмекшілеріміз де жігіттерімізде қарсыластарды әрқашан бағалайды. Біз әрқашан қарсыласты құрметтейміз. Кімнің қайда екенін түсінеміз. Қазақстан – тәртіпті және дайындығы бар команда. Ерекшеліктері бар, бірақ олар туралы айтпай-ақ қояйын. Мен өзім үшін қорытынды жасадым, біз оны көмекшілермен талқылаймыз, менде жаттықтырушылар штабында сауатты адамдар бар – Владимир Лазаренко мен Авраам Кампомар. Олар ойын талдаумен, аналитикамен айналысатын болады, – деді Петраков.