1 мин.

«Тараз» қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен чемпионаттағы 50-ші матчын өткізді

ҚПЛ 23-туры аясындағы «Атырауға» (2:2) қарсы ойында «Тараз» қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен Қазақстан чемпионатындағы 50-ші матчын өткізді.

Сейсен «Тараз» сапында 2019 жылы 15 наурызда Қостанайда «Тобылға» қарсы ойында дебют жасады. 1:4 есебімен аяқталған кездесуде Мұхаммеджан толық ойнап шықты.

Жас қақпашы Қазақстан Премьер-лигасында тек «Таразда» өнер көрсетіп келеді. Клуб құрамында ел чемпионатында барлығы 50 матч өткізіп, 66 гол жіберіп алған.