1 мин.

Келесі маусымда ҚПЛ-де ойнамайтын алғашқы клуб белгілі болды

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасынан Біріншң лигаға түсіп қалған алғашқы клуб белгілі болды.

ҚПЛ 23-туры аясында өткен талдықорғандық «Жетісу» мен «Астана» арасындағы ойында елордалықтар 1:3 есебімен жеңіске жетіп, 53 ұпаймен көш басында қалса, алаң иелері 12 ұпаймен соңғы орында келеді. 

Осылайша «Жетісудың» чемпионат аяқталуына үш тур қалғанда, келесі маусымда ҚПЛ-де ойнамайтыны белгілі болды. Талдықорғандықтар математикалық тұрғыдан да ұшы аймағынан жоғары көтеріле алмайды. 

Дереккөз: Vesti.kz