1 мин.

«Астана» сапында эпидемия!

Елордалық клубтың төрт футболшысы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Владимир Жарков.

Марин Томасов, Антонио Рукавина, Энео Битри және Абзал Бейсебековтен COVID-19 вирусының белгілері табылды.

Барлық легионерлер өз елдерінде карантинде жатыр. Олар тіпті ҚПЛ ойындары қайта басталғанға дейін Қазақстанға келе алмауы мүмкін. Ал Бейсебеков өз кезегінде Қазақстан құрамасының Украина, Финляндия, сондай-ақ Босния және Герцеговинаға қарсы матчтарына қатыса алмайды.