1 мин.

Cұлтанбек Астанов Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды

Шымкенттік «Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Сұлтанбек Астанов Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды. 

Бұған дейін «Ордабасының» жартылай қорғаушысы құраманың қосалқы құрамына іліккен еді. Алайда Қазақстан Кубогының топтық кезеңі аясындағы соңғы ойыннан кейін Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов, Сұлтанбек Астановты негізгі құрамға шақыруға бел буды.

Қазақстан құрамасы қыркүйекте үш бірдей ойын өткізеді. Тарқатып айтсақ, 1 қыркүйекте өз алаңында Украинаны қабылдайды, 4 қыркүйекте сырт алаңда Финляндиямен ойнайды және 7 қыркүйекте Босния мен Герцеговинаға қонаққа барады.