Гурбан Гурбанов H тобы жайлы — барлығы да қауіпті қарсыластар
«Карабах» клубының бас бапкері Гурбан Гурбанов жеребе рәсімінен кейін H тобы жайлы өз пікірін білдірді:
— Барлығы да қауіпті қарсылас. «Қайрат» пен «Омония» — өз елдерінің чемпиондары. Кипр командалары бізге әрқашан өте байсалды қарайды. Олармен болған матчтар қызықты өткен. Топтағы әр ойын маңызды. Жалпы қарсыластар туралы нақты пікір айту дұрыс емес. Біз бұл командаларды алдағы күндері жақынырақ танитын боламыз. Кейінірек егжей-тегжейлі сөйлесе аламыз. Менің айта алатыным — біз әр ойынға лайықты түрде дайындаламыз.
Дереккөз: «Карабах» ФК