Қазақстандық ойыншы украиналық командасына оралды
Қазақстандық 20 жасар шабуылшы Матвей Герасимовтің беларустік клубтағы жалға ойнау мерзімі аяқталып, украиналық командаға оралды. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.
Герасимов 2021 жылдың наурыз айында беларустік «Ислочь» сапына қосылып, осы аралықта негізгі командада екі ойынға қатысты. Сонымен қатар қосалқы команда сапында да өнер көрсетіп, тоғыз ойында жасыл алаңға шығып, 11 мәрте мергендігімен көзге түсіп, үш сары қағаз алды.
Осылайша Матвейдің «Ислочь» клубында жалға ойнау мерзімі аяқталып, украиналық «Металлист» сапына қайта оралады.