1 мин.

«Астананың» мықты ойыншысы болашағына қатысты бір шешімге келді

Хорватиялық легионер Марин Томасов карьерасын «Астанада» жалғастырады. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.

«Томасов келісімшарт аяқталғанша «Астанада» қалатын болып шешті. ҚПЛ-дің ең мықты ойыншыларының бірі карьерасын Ресейде жалғастыру амалын таппады, ал Таяу Шығысқа барғысы келмейді. «Астана» басшылығы еңбекақысы ең жоғары ойыншыдан құтулға қуанатын еді, алайда, олай бола қоймайтын сияқты», – деп жазады мәлімет көзі. 

ҚПЛ-2021 маусымында 34 жастағы Томасов 23 матчте 17 гол салып, он ассист жасады. Transfermarkt мәліметінше, ойыншының келісімшарты келесі жылдың соңына дейін жарамды.