Қазақстан құрамасы Франциямен матчке жас ойыншыларды апарады
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Франциямен матчте команда көбіне қосалқы ойыншылармен өнер көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды KazFootball.kz.
«Жағдай қиындау болып тұр. Дегенмен жас ойыншыларды шығаратын болдық, құрамаға үміткерлерді. Бұл оларды жоғары деңгейде сынау болады», – дейді маман.
Франциямен ойынға құрамамыз мына ойыншыларды апара алмайды: Бахтиер Зайнутдинов пен Ян Вороговский шеттелген. Георгий Жуков, Рамазан Оразов, Азат Нұрғалиев, Юрий Логвиненко және Сергей Малый жарақат алған.
Еске салайық, Қазақстан мен Франция ойыны Парижде өтеді, басталуы 01:45.