1 мин.

Андрей Тихонов «Астана» клубымен келісім-шартын бұзды

Ресейлік маман қазір Нұр-Сұлтанда жүр.

Андрей Тихонов пен «Астана» клубы өзара мәміле бойынша келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзды, деп хабарлайды «Тень отца Гурмана» телеграм арнасы. 

Дереккөздің хабарлауынша, 51 жастағы ресейлік маман қазір Нұр-Сұлтанда жүр, ол тіпті «Қайратпен» 7 қарашада өтетін Қазақстан кубогінің бірінші жартылай финалына қатысады. Бірақ ойынды трибунадан көрермен ретінде тамашалайды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Тихоновтың орнына «Каспийдің» бас бапкері Срджан Благоевич басты үміткер ретінде қарастырылуда.