1 мин.

Еуропаның 10 футбол қауымдастығы ФИФА құрамынан шығуға дайын екенін мәлімдеді

Еуропаның 10 футбол қауымдастығы ФИФА-ның әлем чемпионатын екі жыл сайын өткізу жоспарынан соң ұйым құрамынан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді.

ФИФА 2026 жылдан бастап әлем чемпионатын әр екі жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр. Ұйым құрамына кіретін қауымдастықтарға бұл идеяны айтты. Жарысты құрамалардың жаңа күнтізбесіне сай енгізбек.

Алайда Дания, Швеция, Норвегия, Финляндния, Исландия және Фарер аралдары бұл шешіммен келіспейтінін білдіріп, әйтпеген жағдайда ұйымнан шығуға дайын екенін мәлімдеді.

Жоспар бойынша, халықаралық жарыстардың іріктеу кезеңі қысқарып, футболшылар ұлттық құрама сапында жылына 30 күнге жуық қана болады.