Зайнутдинов пен Жуков Қазақстан құрамасы сапындағы 20 матчын өткізді
Жартылай қорғаушылар Бақтиер Зайнутдинов пен Георгий Жуков Финляндияға қарсы (0:2) Қазақстан ұлттық құрамасының сапындағы 20-шы ойынына шықты.
Тараз футболының тәрбиеленушісі Бақтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы кездесуін 2018 жылы 23 наурызында Будапештте өткізді. Қазақстан жолдастық кездесуде Венгрия құрамасына 2:3 есебімен жол берген еді. Жартылай қорғаушы алаңға негізгі құрамда шығып, 10 минуттан кейін өзінің алғашқы голын соқты.
2022 жылғы Әлем чемпионатының Финляндия құрамасына қарсы іріктеу матчы (0:2) Бақтиер үшін жиырмасыншы болды, ол барлығы 8 гол соққан. Қазақстан құрамасының сұрмергендері тізімінде ол үшінші сатыда тұр.
Бельгия футболының түлегі Георгий Жуков Қазақстан құрамасы үшін бірінші рет 2015 жылдың 31 наурызында өнер көрсетті. Ол Химки қаласында Ресей құрамасына қарсы жолдастық матчта ойнады. Тең аяқталған ойынға бірінші минуттан шығып, 86-минутта орнын босатты.
Осылайша, Георгий де ұлттық құрама сапындағы 20-шы кездесуіне қатысып отыр.