1 мин.

«Тобол» клубы «Қызыл-Жар» қақпашысына қатысты мәлімдеме жасады

Күні кеше қостанайлық клубтың Лобанцевпен келіссөздер жүргізгені хабарланған еді.

"Тобол" клубының баспасөз қызметі "Қызыл-Жар" ФК қақпашысы Мирослав Лобанцевке қызығушылық танытқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Тобол" ФК Лобанцевпен келіссөздер жүргізілмегенін және жоспарланбағанын ресми түрде мәлімдейді.

"Тобол" футбол клубының қақпасын чемпионаттың үздік ойыншылардың бірі - Александр Мокин қорғайды. Айта кетейік, бұл маусымда Александр аз гол жіберді және позициясы бойынша елдегі үздік ойыншы болып саналады. Сонымен қатар бізде кез-келген уақытта командаға көмектесуге дайын тағы екі жас қақпашы бар. Олар үнемі кәсіби жағынан дамып, өсіп келеді. Бапкерлер штабы барлық қақпашылардың жұмысы мен ойынына риза", - делінген клубтың хабарламасында.

Дереккөз