Бақтиер ЦСКА-ны құтқарды
Ресей Премьер Лигасының 6 тур қарсаңындағы «Зенит» - ЦСКА ойынында қазақстандық ойыншымыз Бақтиер Зайнутдинов бой көрсетті. Бақтиер алаңға кездесудің 86 минутында Эджукені алмастырып шықты. Алайда мәскеуліктер бұл матчта жеңіске жете алмай, 1:0 есебімен ұтылды.
Бұл туралы ресейлік «Футбол на куличках» порталы: «Березуцкий ЦСКА-ны құтқару үшін Зайнутдинов пен Гайчты алаңға шығарды. Себебі, команданың ойын өрнегі ауыспай, допқа петербургтіктер көбірек иелік етті» - деп, жазды.
Еске салайық, бұл Бақтиердың жарақатынан айыққаннан соң шыққан екінші ойыны.