2 мин.

«Фола» бас бапкері Гранжан: «Бәрі шешілген сияқты...»

«Фола» бас бапкері Себастьен Гранжан «Қайратқа» қарсы өткен бірінші матч туралы пікірін айтып берген, сонымен қатар Алматыдағы қарымта матчта жеңу мүмкіндігін бағалады.

– «Қайратпен» (1:4) осындай матчтан кейін өзіңізді қалай сезіп тұрсыз?

– Ох, бұл ойында талай сәттер болды. Керемет бастадық: ойнадық, сездік, біздің орталық жартылай қорғаушыларымыз оларға ойын тізгінің ұстауға мүмкіндік бермеді. Бірінші гол соқтық, бірақ Дельгадо тура қарсыластын аяғына пас беріп, олар қарымта гол соқты. Одан кейін біз артта отыра бердік.

Бірақ бар күшіммен командама жоғары ойнау керектігін айтып тұрдым. Үзілісте біздің рухымыз төмен болған, ойыншыларға бар наразылығымды білдірдім. Бұл тағы бір сабақ – бізге намыс жетіспей тұр. Психологиялық тұрғысынан әлсіз болдық, бұл мені қатты ашуландырды. Біз ойынның соңында бір немесе екі гол салуға тырыстық, ал қарсыластарымыз бізге тағы үш-төрт гол салу мүмкіндікке ие болған.

– Нәтижеге қарамай, нені есте сақтау қажет? Бұл ұтылысқа дейін команда жақсы ойнап келе жатқан.

– Иә, біз төрт жеңіске қол жеткіздік, бұл керемет, сонымен қатар «Линфилдпен» болған қарымта ойында сәттілік біздің қолымызда болған. Бірақ біз тәжірибесі жоқ, тек қазір құрылып жатқан, өте жас команда туралы сөйлесіп тұрмыз. «Қайратпен» болған ойында алаңға жаңа шабуылшылар шықты. Бізде көп кемшіліктер бар. Бірақ бұл кемшіліктермен жұмысты енді ғана бастай аламыз.

– Қазіргі таңда қандай кемшіліктеріңіз бар?

– Қәзір бізге өткен маусымдағыдай талпыныс жетпей жатыр. Мен Еурокубктар туралы емес, тіпті Люксембург чемпионаты туралы айтып отырмын. Бізде ақырындап ойнаудан басқа амалымыз жоқ. Оны кәсіби футболдың шындығымен танысқанда түсіндік.

– Соңғы апталарда клуб кішігірім ақшалы табысқа ие болды. Трансферлік терезе жабылғанша ойыншыларды сатып алуды көздеп отырсыз ба?

– Иа, егер мүмкіндік болса, бізге мықты шабуылшы керек. Кандидаттар бар.

– Команда Қазақстанда ерлікке жету мүмкіндігіне сене ма?

– Бәрі шешілген сияқты...

Бізде жүзден бір мүмкіндік ғана қалды. Өзіміздің құрылымдық шектеулерге жеттік, басқалар сияқты ойыншыларды сатып ала алмаймыз. Бірақ Алматыда намысты көрсету керек.

Тек нәтижеге қарайтын кезеңге жеттік. Ойыншылар оны біліп, оларды жеке бақылайтының есте сақтау керек. Сондықтан біз байыпты болу керекпіз. Футболда кейбір кезде керемет жағдайлар болып қала береді