«Астананың» биылғы маусымдағы үздік ойыншысы анықталды
Марин Томасов – «Астананың» Қазақстан Чемпионатының 2021 жылғы маусымындағы үздік ойыншысы атанды.

Instat Index ақпараттық порталы маусымдағы үздік ойыншыларды анықтады: Марин 278 ұпай жинады – ол 23 ойында 17 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.
Екінші орында – Тигран Барсегян (255) болса, ал үздік үштікті Жарко Томашевич (252) түйіндеді.