1 мин.

Йович бастаған хорват төрешілері «Қайрат» пен «Фола» арасындағы қарымта матчқа төрелік етеді

Алматылық «Қайрат» пен Люксембургтік «Фола» арасындағы УЕФА Конференция Лигасының плей-офф қарымта матчына Фран Йович бастаған хорватиялық төрешілер тобы тағайындалды.

Төрешілер тобының құрамы:

Бас төреші: Фран Йович;

Төрешінің көмекшілері: Хрвое Радич, Лука Пушич;

Төртінші төреші: Марио Зебец (барлығы – Хорватия).

Алматыда өтетін Конференция Лигасының плей-офф кезеңінің «Қайрат» пен Люксембургтік «Фола» командалары арасындағы қарымта кездесуі 26 тамызда Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де өтеді.