1 мин.

Камо Оганесян «Карабахқа» қарсы ойнамауы мүмкін

Бәрімізге белгілі болғандай, Конференция Лигасының топтық кезеңінде «Қайрат» әзірбайжандық «Карабахқа» қарсы ойнайды.

Қонақта өтетін бұл матчқа армениялық Камо Оганесян қатыспауы ықтимал. Себебі — саясат, бұл жолы да ұлттар арасындағы саясат футболға араласуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылы «Арсенал» Бакудегі финалға мәжбүрлі түрде негізгі ойыншысы Генрих Мхитарянсыз аттанған болатын.

Бұл кезде де «Арсенал» басшылығы себеп ретінде саясаттың араласқанын баяндаған.

Айта кетер болсақ, УЕФА Еуропа Конференция Лигасының топтық кезеңі 16 қыркүйекте басталып, 9 желтоқсанда аяқталады.