1 мин.

Похьянпало Қазақстанға соққан гол туралы: «Рождество жылына екі рет болады»

Финляндия құрамасының шабуылшысы Йоэл Похьянпало Қазақстанға қарсы (1:0) матчын қорытындылады.

«Доп Йереге (Уронен) келді, ол Теемудың да (Пукки), менің де айып алаңда екенімізді көрді. Йере керемет пас берді, мен секіріп, алыс бұрышқа соққы жасадым.

Доптың қалай соғылғанын көрмедім, бірақ менің ойымша, гол әдемі шықты. Рождество жылына екі рет болатын сияқты! (күледі).

Әрине, осындай голдар жаттығумен келеді. Йере екеуміз әрқашан бір командада ойнадық. Бір-бірімізді сөзсіз түсінеміз», – деді Похьянпало.