Қуат Хамитов 6 айға бас бостандығынан шектелді. Бұл қандай жаза?
Енді ол өз партиясын құрмақ.
Бүгін Алматы соты аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовқа дезинфекция жасаушылар «халықты улап жатыр» деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға шақырғанына қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық Кодекстің 272-бабының 3-бөлігіне сәйкес, Хамитовтың 6 айға бас бостандығы шектелді.
Қылмыстық істер жөніндегі заңгер Серік Айтбаев спортшыны үкімі туралы тарқатып айтты. Заңгердің сөзін «Азаттық рухы» сайты келтіреді.
Алдағы 6 айдың ішінде Қуат Хамитов:
Ай сайын полиция бөлімшесінде учаскелік инспекторларда белгіленуге міндетті;
Ойын-сауық мекемелеріне бармауы тиіс;
Сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін ішімдік ішуге болмайды;
Рұқсатсыз қаладан шығуға тыйым салынады;
Қоғамдық тәртіп ережелерін, Жол қозғалысы ережелерін бұзбауға тиіс;
Шетелге жазаны орындау органының рұқсатымен ғана ұша алады.
Құқық бұзушылықтар мен әкімшілік айыппұлдар болған жағдайда бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Соттың шешімінен соң Хамитов елді тағы да таңғалдырды. Спортшы инстаграм парақшасында өзінің жеке партиясын құратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, партияға кез келген азамат кіре алады.
қуат қазақ еліміздің батыры!!!!!!