Барсегян Қазақстан кубогының финалына қатыса алады
«Астананың» жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян елордалық клуб «Қайраттан» өтіп кетсе, Қазақстан кубогының финалына қатыса алады, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, армяндық жартылай қорғаушы ҚПЛ-ның 25-ші турындағы «Қайратқа» қарсы ойында жанкүйерлерге әдепсіз әрекет жасағаны үшін бір айға дисквалификацияланған болатын. Жазалау мерзімі 25 қазаннан бастап есептелінеді.
Айта кетейік, ел кубогының финалы 28 қарашада өтеді. Осы уақытқа дейін футболшы ойыннан шеттетілген мерзімін өтеп, финалдық ойында өз командасына көмектесе алады.
Елордалық клуб жартылай финалда «Қайратпен» кездеседі. Матчтар 7 және 20 қарашада өтеді





