Холландтың АПЛ-дегі бірінші хет-тригі және Манчестер Ситидің Кристал Пэласқа қарсы камбегі.Матчқа тактикалық талдау
Автор Тамабай Дастан
Англия Премьер Лигасының 4-ші турында Манчестер Сити өз алаңында Кристал Пэласты қабылдады. Пеп Гвардиоланың командасы 1-ші таймнан кейін Патрик Виейраның командасынан 2 доп айырмасымен жеңіліп, 2-ші таймда ойынды өз қолдарына алып, камбэк жасады. Ал Эрлинг Холланд хет-трик авторы атанып, АПЛдің қазіргі сәтінде 4 матчта 6 гол салып үздік бомбардирі болып тұр.
Холланд осы матч туралы:
«Бұл мен үшін және менің отбасым үшін мақтаныш болды. Бақыт... Үш гол соққаннан кейінгі керемет сезім, хет-трик, керемет!»
«Осындай матчтар менің мұнда болуыма себеп болды - қиын уақытта бәрін төңкеру»
«Ақырында, бәрі кішкентай нюанстарға бейімделуге байланысты болды. Кейбір сәттерде біз бірінші таймда гол соға жаздадық, сондықтан кейінгі оқиғалар өз-өзін қамтыды. Бұл біз жасайтын нәрсе. Бұл жақсы сезім. Бұл менталитеттің болуы біз үшін өте маңызды және біз онымен әрі қарай жұмыс істеуіміз керек...».
Тактикалық талдауға көшсек.
Манчестер Сити құрамында ойыншылардың рөлі: 1. Пеп Гвардиола алдыңғы ойындарға қарағанда 1 ақ ойыншыны ауыстырды, ол Рияд Марез Илкай Гюндоганның орнына. Бернарду Силва оң жақ шабуылшы қызметін атқарса, бұл матча Рияд Марез болғандықтан оң жақ жартылай қорғаушы болды. 2. Кайл Уокер Манчестер Ситидің соңғы 2 маусымында болған қызметін атқарды, яғни Родриго Эрнандеске орталық артқы жартылай қорғаушы ретінде көмек көрсетіп, орталық аймақта басымдықты ұстады. 3. Эрлинг Холланд Пеп Гвардиоланың системасына үйренуде, соңғы матчтарға қарасақ, ол "жалған тоғыздық" рөлін атқарды, осы матчта сол рөлімен ойнады.
Кристал Пэлас командасының құрамы: 1. Патрик Виейра бұл матч өте қиын болатынын білді, егер ашық ойын өрнегін көрсетіп көбірек шабуылға шықса, ГОЛ жіберіп алу мүмкіндігі көбірек болатынын білді. Сондықтан осы матчқа 5 қорғаушымен, 2 артқы жартылай қорғаушымен шықты. 1 ші ГОЛ салынғаннан кейін, қорғаныста төмен блок қойылды.
Кристал Пэлас қақпашысы Висенте Гуайта осы матчта 19 ұзын пас (длинные передачи) берді, яғни бұл Патрик Виейра шәкірттері билд-ап арқылы ойнаудан бас тартты деп айтсақ болады.
Ойынның бірінші минуттарынан бастап Кристал Пэлас ойыншылары оң жақ қапталдағы Натаниель Клайн мен Джордан Айю арқылы шабуыл жасайтынын көрсетті.Бірінші ГОЛ осы қаптал арқылы шабуыл жасалып, қауіпті айып соққысы арқылы салынды.
Манчестер Сити бірінші минутрда ГОЛ жіберіп алғаннан кейін оң жақ қаптал арқылы шабуылын күшейтті. Осы қапталда КДБ-Бернарду-Марез үштігі болды.
Кристал Пэлас командасының екінші ГОЛы бірінші ГОЛына ұқсас болды. Джордан Айю қапталымен шабуыл-стандарт-ГОЛ.
Қалалықтардың прссенгі: Холланд оң жақ орталық қорғаушыға, КДБ соо жақ орталық қорғаушыға, ал Фоден мен Марез қапталдағы қорғаушыларды жауып тұр. Бір қызығы 2-ші ГОЛды соққаннан кейін Кристал Пэлас қақпашысы Висенте Гуайта, бірнеше рет допты ойынға қоспай ұзақ уақыт тұрды, оған КДБ өзінің наразылығын білдіруде.
2-ші тайм: Прессинг
Манчестер Сити: 2-ші тайм басталысымен өте қатты қысым көрсетті. PPDA (Opta) статистикасына сүйенетін болсақ, Манчестер Сити Кристал Пэлас командасына орта есеппен әр 7.0 пас сайын допты өз қолдарына алып отырған. Статистикада көрсетілген бесжұлдзды пішіндер, допты тартып алынған зоналарды көрсетіп тұрады.
Кристал Пэлас: 2-ші таймда прессингтен мүлде бас тартты десек болады. PPDA (Opta) статистикасы бойынша, Манчестер Сити Кристал Пэластың қысымынан шығу үшін 33,2 пас берілуі қажет, яғни прессинг кезінде мүлде допты тартып ала алмады деп айтсақ болады.
Қалалықтардың бірінші ГОЛы: Пеп Гвардиола автобус қоятын командаларға қарсы ойынын, осы ГОЛ арқылы жақсы түсінуге болады. КДБ екінші таймда "еркін суретші" (свободный художник) рөлін атқарды, яғни шабуыл жасағанда кез келген жерде жүріп командасына көмек береді. Осы шабуыл кезінде КДБ сол жақ қапталға келіп допты қабылдап алады, онымен қатар Кристал Пэлас командасының төмен қорғаныс блогыда солға қарай жылжиды, КДБ допты қабылдап Родриге береді. Родри оң жақ қапталда жалғыз тұрған Бернардуға пас береді, Бернарду неге жалғыз тұр деген сұраққа келетін болсақ, Рияд Марез Кристал Пэлас қорғаушысы Митчельді өзімен алып кетіп Бернардуға еркін аймақ қалдырады, допты өзіне алған Бернарду Арьен Роббен футболшысының тәсілі арқылы оң жақ қаптал арқылы ортаңғы аймаққа кіріп соққы жасап ГОЛ салады. Бұл шабуылда Кристал Пэлас ойыншысы Эбиричи Эзеге айып тақсақ болады, себебі ол Бернарду жалғыз қалғанын байқамады, қорғанысқа қайтып үлгерседе жеткіліксіз болды.
60-90 минуттр аралығы:
60 минуттан бастап Пеп Гвардиола ойынға өзгертулер енгізді. Оң жақ шабуылшы рөлін атқарған Рияд Марез бен сол жақ қаптал қорғаушысы Жоау Канселудің орнына, Хулиан Алварез бен Илкай Гюндоганды ойынға қосты. Бернарду Силва Рияд Марездің орнында өнер көрсетті, Илкай Гюндоган соңғы 2 маусымдағы ойыннағы рөлін атқарды, яғни орталық шабуылшылар атқаратын рөл арқылы қорғанушы команданың айып алаңына кіру, Хулиан Алварезде дәл сондай рөл ойнады. Ең қызығы Фил Фоденнің "жаңа рөлі", құрамдағы өзгертулерден соң Фил сол жақ жартылай қорғаушы (латераль) болды, сол жақта қапталды осылайша ұстап тұрды, кей кездерде Родриго Эрнандеске көмек көрсетті. Былайша айтқанда Пеп Гвардиола all-in жасады деп айтсақ болады.
Қалалықтардың ойын схемасы осылайша өзгерді:
Қалалықтардың 2-ші ГОЛы:
КДБ оң жақ қаптал арқылы Кристал Пэластың айып алаңына желдете пас береді, ол пасты Фил Фоден қабылдап, Эрлинг Холландтың басына пас береді, осылайша есеп 2-2 болып өзгереді. Ойыншылар схемада көрсетілген рөлдерін жақсы атқарды.
Қалалықтардың жеңісті ГОЛы:
Бұл ГОЛда ерекше атап өтетін Бернарду Силва деп айтар едім. КДБ мен бірге бұрыштаманы ойнатып, қарсыластың айып алаңынан ашық тұрған Алварезді көріп жақсы пас береді, Алварез Бернардудың ашылғанын көріп қайталап пас береді, Бернарду ортада ашылған Стоунсты көреді, Стоунса алыс бұрышта тұрған Холландтың аяғына допты қойып береді. Есеп 3-2. Бұл шабуыл Манчестер Сити командасының басқа шабыуылдары сияқты басталған еді.
Хет-трик:
Допты қарсыластардан тартып алған соң, Илкай Гюндоган өте үлкен ашық аймақта қалып қалады, осы мүмкіндікіті жақсы қолданып Эрлинг Холландқа пас шығарып береді. Бұл шабуылда Кристал Пэлас командасының артқы жартылай қорғаушыларын кінәлі деп санасақ болады, себебі Илкай Гюндоганға өте үлкен ашық аймақ беріліп қойды.
Допты тартып алу көрсеткіші:
▪ João Cancelo - Man City : 4
▪ John Stones - Man City : 3
▪ Rodri - Man City : 3
▪ Jeffrey Schlupp - Crystal Palace : 2
▪ Phil Foden - Man City : 2
Қорғаныс биіктігі: статистикаға қарасақ, Манчестер Сити қорғаныс биіктігі 55.26 құрайды, яғи қорғаныс биікітігі өте жоғары деңгейде,ал Кристал Пэластың қорғаныс биікітігі 29.22 яғни өте төмен деңгейде.
Кристал Пэлас және Манчестер Сити командаларының шабуыл жасау аймақтары:
Бұл статикаға қарайьын болсақ, Кристал Пэлас командасы қаптал арқылы көбірек шабуылдағаны түсінікті болады. Ал Қалалықтар алаңның барлық аймағын қолдануға тырысты.
Матчтың xG статистикасына қарайтын болсақ, Кристал Пэлас тіпті 1 ГОЛғада ойнамағанын түсінуге болады
Қорытынды: Бірінші таймда стандарттан 2 ГОЛ жіберіп алған Пеп Гвардиоланың шәкірттері, екінші таймда ойынды өз қолдарына алды. Гвардиола ойынға өзгертулер енгізу арқылы "супершабуыл" жасап жеңісті жұлып алды. Ал Эрлинг Холланд Манчестер Сити сапында бірінші хет-тригін жасады.
Англия Премьер Лигасы, 4-тур
Стадион: "Этихад" (Манчестер)
Бас қазы: Грэм Скотт
"Манчестер Сити" - "Кристал Пэлас" 4:2
Голдар: Силва 53, Холанд 62, 70, 81 – Стоунс 4 (авт.), Андерсен 21
Қолданылған ақпараттар: https://t.me/markmatch , sofascore приложение , https://understat.com/ , https://instagram.com/mancity?igshid=YmMyMTA2M2Y=