7 мин.

Екінші таймда ойынды өз қолдарына алған Қазақстан құрамасы Беларусь құрамасын жеңіп, бірінші орынды иеленді

Қазақстан Беларусь матчтына тактикалық талдау.

Қазақстан құрамасы С тобында Беларусь,Словакия және Әзірбайжаннан озып, турнирлік кестеде 1 орынды иеленді. Енді біздің құрама кәрі құрлықтың ең басты турниріне шығуға үлкен мүмкіндік алды және Б тобына шықты..

Біз бүгін Астана Аренада болған Қазақстан Беларусь матчтына тактикалық талдау жүргіземіз.

Еске түсірсек: Қазақстан соңғы 4 ойында 3 рет жеңіске жетіп, 1 рет тең ойнап, 13 ұпай жинаған және 6 гол салып, 2 гол жіберген.

Беларусь құрамасының жағдайы қуантарлықтай емес, соңғы 4 ойынында 2 рет жеңіліс тауып, 2 рет тең ойнап әлі жеңіске жетпеген және 5 гол жіберіп 1 гол салған (голды Қазақстан құрамасына салған).

Тактикалық талдау.

Қазақстан құрамасында алдыңғы 4 матчқа қарағанда қатты өзгерістер болмады. Қазіргі сәтте Ресейлік Цска командасының ең үздік ойыншыларының бірі, Бахтиёр Зайнутдинов құрамаға оралып, Эльхан Астановтың орнына шықты.

Қазақстан Беларусь құрамаларының схемасы және ойыншылардың алаңдағы ойын көрсеткен жерлері:

Беларусь құрамасы 4-4-2 схемасымен ойнады.

Ал Қазақстан құрамасы 3-4-3 схемасымен.

Алғашқы 25 минут, Зайнутдиновтың рөлі және "тас қамал қорғаныс".

Қазақстан құрамасы алғашқы минуттардан бастап позициялық шабуылдар жасамақшы болды. Шабуыл кезіндегі Бахтиёр Зайнутдиновтың рөлін айта кетсек: матч басталғанға дейінгі құрамға қарасақ, Зайнутдинов сол жақ қапталдағы шабуылшы болып көрсетілген, бірақ бұл рөлді Ян Вороговский атқарды. Ал Зайнутдинов орталық жартылай қорғаушы және сол жақ латераль болды десек болады.

Зайнутдиновтың алаңдағы ойын көрсеткен жерлерінің жылулық картасы.

Қазақстан құрамасы орталық аймақта позициялық шабуыл кезінде, 3-1-4-2 схемасына ауысты. Рамазан Оразов сол жақ орталық шабуылға көмектесетін жартылай қорғаушы (левый центральный атакующий полузащитник), ал Асхат Тағыберген оң жақ орталық шабуылға көмектесетін жартылай қорғаушы (левый центральный атакующий полузащитник) болды. Габышев және Зайнутдинов қапталдағы латераль қызметтерін атқарды.

Қазақстан құрамасы матчта көбінесе сол жақ қаптал арқылы шабуыл жасады. Себебі бұл жерде Зайнутдинов, Вороговский және Әліп үштігі құралды. Нұралы Әліп немесе Ян Вороговский допты алған кезде, Бахтиёр Зайнутдинов бос кеңістікке кірген шабуылдар болды.

Биік позициялық щабуыл кезінде, сол жақ қапталға Рамазан Оразов көмекке келіп отырды.

Беларусь құрамасы жиі қарымта шабуылдар жасады. Көбінесе Михаил Габышевтың қапталы арқылы болды. Себебі Габышев щабуылға жақсы араласты (бірінші голды салды), қорғаныста бос аймақ қалдырған кезде, оның орнын Асхат Тағыберген жапты. (Габышев интервьюінде: Менің карьерам басталған кезде шабуылшы болғанмын).

Қорғаныс кезінде Қазақстан құрамасы, 5-3-2 схемасымен төмен блок блок қойды.

Шабуыл кезіндегі орын алмасуы (25 минуттан 1 тайм аяғына дейін).

25 минуттан бастап біздің жігіттерден позициялық шабуыл кезінде өзгерістер байқадық. Енді Бахтиёр Зайнутдинов Абат Аймбетовпен бірге шабуылшы болды. Ал Зайнутдиновтың орнын Асхат Тағыберген иеленіп, шабыуылшыларға допты жеткізуге тырысты (Ян Вороговский өзінің рөлінде).

Және оң жақ қаптал арқылы комбинациялық шабуыл жасалынып Оразов, Дарабаев, Габышев үштігі құрылды, кей кездерде Абат Аймбетов көмекке келді.

Қазақстан құрамасының бірінші гол.

Жоғарыда айтып кеткендей, оң жақ қаптал арқылы комбинациялық шабуылдар болды, соның бірі голға айналды. Бұл жерде, Абат Аймбетов допты ойнату үшін оң жақы жартылай қапталға түсті (правый полуфланг). Дарабаевтан допты алып, бірден Оразовқа берді, ал Оразов өз кезегінде Михаил Габышевке өте жақсы пас берді. Бұл гол өте жоғары деңгейдегі гол болды.

Беларусь құрамасының голы.

Гол жіберген соң, Беларусь құрамасы өте көп шабуылдар жасады. Бірақ нәтижесіз болды, себебі Қазақстан құрамасы өте тиянақты және жинақы ойнады. Голды 45+3 минутта стандарттық жағдайдан салды. Бахтиёр Зайнутдинов Кирилл Печенинді жіберіп алды.

2 тайм.

Қазақстан құрамасы 1 ші таймда қорғаныс кезінде қалай ойнаса (5-3-2 схемасымен төмен блокта), 2 таймдада солай ойнады десек болады.

Қысым (прессинг)

Қысым кезінде 3-2-3-2 схемасымен ойнады. Арттағы 3 орталық қорғаушы өздерінің позициясында қалады, 2 артқы жартылай қорғаушы Дарабаев және Тағыберген орталық аймақта бос кеңістік қалдырмайды. Сол жақ, және оң жақ жартылай қорғаушылар. Яғни Вороговский және Габышев Беларусьтің қапталдағы қорғаушыларын жабады. Зайнутдинов артқы жартылай қоғаушыға кеңістік бермеді. Ал шабуылда өнер көрсеткен Аймбетов пен Оразов орталық қорғаушыларға қысым жасады.

75-90 минуттар

Магомед Адиев ойыннан Оразов пен Габышевті алып тастағаннан кейін, Қазақстан құрамасы 4-3-3 жүйесіне көшті. Бағдат Каиров оң жақ қапталдағы қорғаушы, ал Нұралы Әліп сол жақ қапталдағы қорғаушы рөлдерінде болды. Рамазан Оразовтың орнына шыққан Эльхан Астанов орталық шабуылға көмектесетін жартылайқорғаушы, Бахтиёр Зайнутдинов оң жақ қапталдағы шабуылшы болды.

2 ші гол

2 ші гол 79 минутта биік қысымның арқасында соғылды. Бахтиёр Зайнутдинов Беларусьтің артқы жартылай қорғаушысынан қысым жасады. Беларусьтің ойыншысы бұндайды күтпей, алдыңғы шептегі ойыншыларға допты теуіп жібергісі келген еді. Бірақ доп Зайнутдиновтың аяғынан Абат Аймбетовке жетті. Аймбетов өз кезегінде әуедегі допты ашық аймаққа жүгіріп ашылған Зайнутдиновке берді.

Ойынның үздік ойыншысы: Рамазан Оразов.

Магомед Адиев Рамазан Оразовқа еркін суретші рөлін берді. Бұл дегеніміз Оразов алаңда кез келген позицияда ойнап, қысымнан шығатын кезде допты ойнатуға болатын болды.

Қорытынды.

Бірінші таймда өздерінің ең жоғарғы деңгейін көрсете алмаған Қазақстан құрамасы, екінші таймда ойынды өз қолдарына алды. Позициялық шабуылдарды жиі жасап, өте биік қысым көрсетті. 75 минуттан соң 4-3-3 жүйесіне аусысуы нәтиже берді. Беларусь құрамасы тек сол жақ қаптал арқылы қарымта шабуылдарға сенді, Габышевті ауысьырғаннан кейін, Беларусь құрамасында мүлде мүмкіндіктер болмады.

Алынған мәліметтер: SofaScore қосымшасы. MyScore қосымшасы.