8 мин.

Уефа Чемпиондар Лигасының Бавария Барселона матчына тактикалық талдау

Автор Тамабай Дастан

Бавария Барселона матчы сөзсіз осы турдың орталық матчты деп айтсақ болады. Барселона Баварияны төрт матч қатарынан жеңе алмай келеді. Хавидің шәкірттері бұл матчқа арнайы дайындықпен келгені белгілі.

Екі командада осы маусымда әлі жеңіліс көрмеді. Барселона соңғы алты матчының бесеуін жеңіспен аяқтап, біреуінде тең есеп болған. Мюнхендік команда тоғыз матчтың алтауын жеңіп, үшеуін тең есеппен аяқтаған болатын.

Чемпиондар лигасының 1 турында, екі командада жеңіске жетіп, С тобында бірінші орынды бөлісіп тұр.

Матчты талдауға көшсек.

Бастапқы құрамдар.

Каталониялық команданың сапында сол жақ қорғаушы рөлінде Жорди Альба немесе Алехандро Бальде шығады деп күтілген, бірақ Хави, Маркос Алонсоны шығарды. Барселонаның ойын схемасы 4-3-3.

Мюнхендік командада ешқандай тосынсыйлар жоқ. Леон Горетцка бастапқы құрам ойыншысы, дегенмен ол жарақатынан жақында ғана айығуына байланысты қосалқы құрамда қалды. Баварияның ойын схемасы 4-2-3-1

Барселонаның қысымы.

Матчтың алғашқы минуттарынан бастап Хавидің шәкірттері батыл және өте биік вертикалды қысым жүйесін көрсетті. Бір қызығы бұл қысымда Рафинья және Дембеле латераль рөлдерін атқарып, Баварияның қапталындағы қорғаушыларға ашық аймақ қалдырмады. Гави Левандовскиге орталық қорғаушылар мен қақпашыға қысым көрсетуге көмек берді. Ал Педри және Бускетс артқы жартылайқорғаушыларға (Киммих және Забитцерге) қысым көрсетті.

Дегенмен, бұл биік қысым жүйесінің минустары бар. Осындай қысым кезінде Барсаның артқы жартылайқорғаушысы Бускетс өте биік деңгейге көтерілгендіктен, өзінің болу керек аймағында өте үлкен ашық аймақ қалдырып қойып отырды.

Қысым кезінде Барселона 4-3-3 схемасымен ойнады, бұл жерде 3 жартылай қорғаушы Дембеле Бускет Рафинья болды, ал Педри Лёва Гави шабуылшы рөлін атқарады десек болады.

Баварияның қысымнан шығуы.

Мюнхендік команда Барсаның қысымынан оңай шығып отырды десек болады. Қақпашы допты өз еншісіне алғаннан кейін, қапталдағы Дэвиске пас береді, ал Дэвис ашық аймаққа кірген Забитцерді көреді.

Забитцер өзіне Бускетсті тартады (стягивал). Жоғарыда айтып кеткендей, Барсаның биік қысымының минусын Бавария жақсы қолданды десек болады. Артта қалып қалған Бускетстің ашық аймағына, Мане немесе Мюллер кіріп, Дэвистен немесе Забитцерден келген допты оң қапталдағы Санеге беріп, қарымта шабуылдарға шығады.

Мюллердің рөлі.

Барсаның қысымынан шығу кезінде, Мюллердің рөлі аса зор болды десек болады. Ол Бускетстің қалдырып кеткен ашық аймағына кіріп, тірек (столб) рөлін атқарып, әуедегі доптарға таласты. Онымен бірге көбінесе Жюль Кунде немесе Рональд Араухо жабуға тырысты.

Баварияның позициялдық шабуылдары.

Осы маусымда Бавария әр матчта позициялдық шабуылдарын оң қаптал арқылы көбірек жасағайтыны белгілі. Осы матч кезіндеде 45% оң қаптал арқылы шабуыл жасаған. Себебін айта кетсек: оң қапталда Бенжамин Павар (немесе Нуссаир Мазрауи), Лерой Сане, Йозуа Киммих, Марсель Забитцер және Жамал Мусиала 3 ке 4 немесе 5 ке 4 ситуациясында қалып комбинациялық ойын көрсетеді, ал Мане және Мюллер қорғанушы команданың айып алаңында орын алып, оң қапталдан пас күтеді.

Барселонаның қарымта шабуылдары және Гавидің рөлі.

Бұл матчта Барсаның позициялдық шабуылдарынан қарағанда қарымта шабуылдары тиімді (эффективный) әрі қауіпті болды. Бұған себеп Гавидің рөлі. Гави көбінесе орталық аймақ арқылы қарымта шабуылдарды бастаушы болып, шабуылшыларға допты жеткізіп отырды.

Кей кездерде Дембелемен орнын аустырып, қарымта шабуыл кезінде сол жақ қаптал шабуылшысы болып, Баварияның қорғанысына қарсы 4 ке 3 ситуациясын жасады.

Баварияныі қысымы.

Баварияның қысымы Барселона сияқты өте биік биік болмады. Барсаның қорғаушылары Араухо және Кунде жиі жалғыз қалып қалған кездер болды, себебі Манеге қарсы 2 ге 1 ситуациясында болды. Кей кездерде Бавария ашық аймақ қалдырмаған болса, Левандовский орталық аймаққа түсіп, допты ойнатты.

Барсаның позициялдық шабуылдары.

Барселона осы матчта өте төмен деңгейде позициялдық шабуылдар жасады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, позициялдық шабуылдардан қарағанда қарымта шабуылдар тиімді (эффективный) болды. Себебі, Баварияның артқы жартылайқорғаушылары Киммих және Забитцер ашық аймақ қалдырмай, қапталдағы қорғаушыдарға көмек берді. Және Бавария ойыншылары жинақылықты (компактность) сақтады.

Барсаның орталық қорғаушылары Араухо және Кристенсен.

Араухо және Кристенсен қапталдағы қорғаушылардан биік ойнады, себебі Мюллер және Мусиала Бускетстің қалдырған ашық алмағын қолдандырмауды сақтады. Бұл жерде Хавиді мақтап өтсе болады, себебі Мусиала және Мюллер жылдам жүгіретін ойыншылар қатарына жатпайды, осы себепті қорғаушылар жақсы қолданды, ал жылдам оцыншылар Мане және Санені қапталдағы қорғаушылар тұсап ұстады.

2 тайм

2 ші таймда Бавария Барселонаға қарымта шабуылдар жасатқызбай, мүлде ойыннан өшіріп тастады десек болады, ең басты себеп Леон Горетцканың ойынға қосылуы болды. Кей кездерде Барселонаның ойыншылардың индивидуалды қасиеттері көмек беріп, қауіпті сәттер жасады. (Педри және Левандовский)

Матчтағы Голдар.

1 ші Голды немістер стандарт арқылы, бұрыштама добынан соқты. Барселона ойыншысы Маркос Алонсо Лукас Эрнандесті жіберіп алды.

2 ші Гол Сане және Мусиаланың индивидуалды қасиеттерінің арқасында салынды. Баварияның оң қаптал арқылы шабуыл кезінде, Сане ашық аймаққа кірген Мусиалаға пас беріп, өзі екі қорғаушының ортасынан сытылып шығып, Мусиаладан қайтадан пасты қабылдап қақпашыны қапы қалдырды.

Қорытынды.

Хави шәкірттері осы ойынға жақсы дайындалып келгені сөзсіз көрініп тұр. Бірақ Баварияға қарсы өте биік қысым жасау, өте қауіпті болды. Нагелсманның ойынға өзгерістер енгізуі сәтті болды, немістер 5 минутта 2 гол салып, қойдым алған уақытта салқынғанды ойын өрнегін көрсетіп, есепті сақтап қалды. Менің ойымша Барселона кем дегенде 1 гол салуға лайықты болды.

Бавария (Германия) - Барселона (Испания) 2:0 (0:0, 2:0)

Күні:

13 қыркүйек, 22.00, Allianz Arena

Голдар:

1:0 - 50 Эрнандес, 2:0 - 54 Сане.

Бавария – Нойер, Павар (Мазрауи, 21), Эрнандес, Упамекано, Дэвис, Забитцер (Горецка, 46), Киммих, Мюллер, Мане (Гнабри, 70), Сане (Тел, 79), Мусиала (Гравенберх, 80).

Барселона – Тер Штеген, Кунде, Кристенсен (Эрик Гарсиа 70), Араухо, Алонсо, Бускетс (Кесси 80), Педри, Гави (де Йонг 61), Левандовски, Дембеле (Фати 80), Рафинья (Ферран Торрес, 61).

Ескертулер:

Сабитцер (19), Бускетс (48), Киммих (74).

Алынған мәліметтер: https://t.me/markmatch , SofaScore қосымшасы