1 мин.

Қазақстан – Финляндия матчына түріктер қазылық етеді

Хәлис Эзкахия басқарған Түркиядан келген төрешілер тобы 2022 жылғы Әлем Біріншілігінің іріктеу матчы аясындағы Қазақстан – Финляндия кездесуіне қазы болады.

Бас төреші: Хәлис Эзкахия;

Төрешінің көмекшісі: Джейхун Сесигүзел, Әли Сайгын Эгел;

Төртінші төреші: Туғай Каан Нуманоғлу;

Қазының бейнекөмекшісі: Абдулкадир Битиген;

Төреші бейнекөмекшісінің ассистенті: Хүсейін Гечек (барлығы – Түркия).

Тамыз айында Хәлис Эзкахия «Шахтер» мен «Колос» арасындағы Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта (0:0, 3:1 – пенальти бойынша) қызмет еткен болатын.

Еске сала кетейік, Қазақстан – Финляндия матчы ертең, 12 қазанда, «Астана-Арена» стадионында елорда уақытымен 20:00-де басталады.