1 мин.

Тәттібаев: «Ұлттық құрамаға шақыртылғаныма қуаныштымын, бірақ қазір клубқа пайдамды тигізсем деймін»

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының шабуылшысы Айдос Тәттібаев Конференция лигасы аясындағы израильдік «Маккаби» Тель-Авив клубымен өтетін матч қарсаңында тілшілердің сұрағына жауап қатты.

– Мен және команда тек жақсы нәтижеден үміттіміз. Лайықты түрде өнер көрсеткіміз келеді. Меніңше, матчты біз ғана емес, барша Қарағанды, тіпті барша Қазақстан күтуде. Оң нәтижеге қол жеткізу үшін барлығын жасаймыз. – Құрамаға шақырылу сізге екі есе мотивация берді ме? – Әрине, ұлттық құрама – үлкен плюс. Бұл менің мансабымдағы алғашқы шақырту, сол себепті қуаныштымын. Алайда, қазіргі таңда мен тек клубқа өз пайдамды тигізуді ойлаймын. Құрама бапкерлеріне шақырғандары үшін алғыс айтамын. – Қазір сіз өзіңіздің үздік ойныңызды көрсетіп жүрсіз бе?

– Бұл қазір менің мансабымдағы ең нәтижелі маусым болғандықтан, қазір мен үздік күйдемін дей аламын. – Ойыншылардың психологиялық жағдайы қандай? – Клуб ішінде бәрі қатты алаңдаулы деп айта алмаймын. Барлығы ойынға көтеріңкі көңіл-күйде дайындалуда. Плей-офф кезеңі, ойыншылар бақытты деуге болады. Бүгінгі таңда толқыныс бәсең. Бәлкім, ертең ойын алдында болатын шығар. Бірақ команда ұрысқа дайын, келесі кезеңге өту үшін бар күшімізді саламыз. «Шахтер» ФК