1 мин.

Кафанов: «Бердыев нақты қарсыласынның ойынын саралай алады»

Ресей құрамасы қақпашыларының жаттықтырушысы Виталий Кафанов «Қайрат» бапкері Құрбан Бердыевтің жұмысқа деген көзқарасы туралы айтып берді.

Кафанов пен Бердыев 2015 жылдан 2019 жылға дейін алдымен «Ростовта», кейін «Рубинде» бірге жұмыс істеді. Қазіргі таңда Бердыев алматылық «Қайраттың» тізгінін ұстаған.

«Бердыев әрбір нақты қарсыласының ойынын сараптап, талдай алады. Қарсыластың әр қадамын жіктеп, кейін оның әрқайсысын байыппен зерттеп, екшелеп біртұтас етіп құрастыра алады. Допты қандай аймақтарда ұстап алуға болады және ойыншылар қай шепте орналасады — бұлардың бәрі Бердыев назарынан тыс қалмаған. Әр кішкентай нәрседен ол максималды түрде тиімді тұстарын алуға тырысатын. Біздің қарсыластарымыз бұл туралы ойламайтын да, өйткені олар біздің күшімізді білетін. Ал Құрбан әр ұсақ-түйекті пайдалану арқылы командалардың деңгейін саралай алатын. Бұл сәтті жүзеге асатын», — дейді Кафанова «СЭ» басылымына.

Бүгінде Кафанов Валерий Карпин жетекшілік етітін Ресей құрамасының жаттықтырушылар штабына енді. Екі бапкер де «Ростовта» бірге жұмыс істеген болатын.