1 мин.

«Екібастұз» демеушіні тапқан сияқты

Бұл туралы «Гол емес» телеграм-каналы хабарлайды.

Естеріңізде ме, екібастұздық футболшылар жейделерінде «Бізге демеуші, инвестор керек» деген жазумен ойынға шықты.

Іс жерден шықты. Қазіргі уақытта клуб жылжымайтын мүлік саласындағы консалтингтік компания – Ipoteka Group-пен ынтымақтастық туралы белсенді келіссөздер жүргізуде. Егер тараптар келісетін болса, онда компания әлеуетті клиенттер арасында күшті PR мен құрметке ие болады – ақырында, олар «кеншілер» қаласындағы тарихы бар клубты құтқарады. Ал «Екібастұз» ФК өзінің қаржылық жағдайын түзете алады.