1 мин.

Тәйкенов, Тәттібаев және Жарынбетов Қазақстан құрамасының сапында дебют жасады

Қазақстанның үш футболшысы Финляндияға қарсы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында ұлттық құрамада дебют жасады.

«Каспий» қорғаушысы Мақсат Тәйкенов пен «Шахтер» шабуылшысы Айдос Тәттібаев негізгі құрамда шықты. Ал «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Самат Жарынбетов 81-минутта алаңға шығып, Георгий Жуковты алмастырды.