4 мин.

Максим Самородов. Ақ-қызылдардың жаңа үміті

«Ақтөбе» 3 турдан кейін ел біріншілігінің көшін бастауда. Соңғы ойында Карповичтің шәкіреттері елордалық «Астананы» сырт алаңда ойсырата жеңіп, айды аспанға бір ақ шығарған еді. Ақ-қызылдар әзірше ҚПЛ-да ең көп гол соққан құрама болса, оның ең жарқын өкілі, жергілікті түлек-Максим Самородов.

Макс үшін бұл «ересек» футболдағы үшінші маусым. Жас талант жайлы дүйім жұрт алғаш рет 2021 жылдың қысында естіген болатын. «Аланиямен» өткен жолдастық кездесуде (3-4) Макс хет-трик авторы атанып, БАҚ өкілдерінің назарына ілікті, алайда Макс өз шеберлігін 2019 жылы Ақтөбенің жастар құрамасында көрсете бастады. Аталмыш маусымда 24 ойында 7 мәрте гол авторы атанып алғашқы рет негізгі құрам сапына шақырту алды. Ақ-қызылдардың бітіспес қарсыласы Алматылық «Қайратқа» қарсы 2019 жылдың қазанның 5-ші жұлдызында дебют өткізді. Ол ойын өкінішке орай 6-0 есебімен Алматылық ұжымның пайдасына аяқталды.

Келесі маусымда Бірінші Лигада «түлек» Арыс пен Байқоңырдың қақпасынан саңылау тауып, маусымды 12 матчпен, 2 голмен аяқтады. Самородов сенімді түрде ересек құрамның бөлшегі атанды.

2021 жылғы маусым Максим үшін табысты басталды. Қазақстан Премьер Лигасында тәжірибесі көп болмаса да, Талғат Маруанұлы талантты ақтөбелікті ұлттық құрамаға шақырды. Әлем Чемпиондарына қарсы ойында қосалқы құрамнан алаңға шығып, ұлттық құрама жейдесінде өнер көрсету мәртебесіне ие болды.

Дебютировал против Франции и может раскрыться при Масудове. Как талант из  "Актобе" проводит сезон в КПЛ | Спортивный портал Vesti.kz

2021 жылғы маусым ақ-қызылдар үшін өте қиынға соқса да, түлектің ойыны жанкүйерлерді қуантуды жалғастыра берді. Қобыланды батырда «Ақжайыққа» қарсы ойында қос голдың авторы атанып, 13 сектор мен барша стадионның сүйіктісіне айналды. Максим маусымды ҚПЛ-дың ең талантты да дарында проспекті ретінде аяқтады. Барлық турнирлерді қоса есептегенде оның еншісінде 4 гол болды.

Келесі трансферлік ауысым кезінде Мәскеулік «Спартактың» ойыншыға көз салып отырғаны жайлы жергілікті журналистер жарыса жазды. Ойыншының агенті Дмитрий Агеев аталмыш ақпаратты растап, Максимге тек қана «Спартактың» ғана емес, көптеген клубтардың назары ауғанын баяндап берді.

За ним следит не только "Спартак" - агент Максима Самородова об интересе к  нему клубов из России

2022 жылы «Ақтөбе» соңғы турға дейін чемпиондыққа таласты. Өкінішке орай чемпиондық қолдан бұлбұл ұшса да, Карповичтің жігіттері «халықтық» чемпионның атына ие болды. Өз алаңында болашақ чемпиондарды ойсырата жеңуге Самородов та ат салысты. Ойынның нүктесін қойған Макс болатын. Қостанайлық «Тобылға» қарсы ойында Максим клуб басшылары, атап айтар болсақ, Руслан Хамбаровтың тарапынан үлкен сынға ұшырап, хейттің астында қалды. Уақыт өте келе Хамбаров сол сөздерін осылайша түсіндірді:

«Егер ол менің сынымнан кейін жақсырақ ойнай бастады ма деген сұрақ туындаса, жаттықтырушылар мен команда сөзсіз ИӘ деп жауап береді. Матчтан кейін ойыншыға қоңырау шалып, бұлай ойнауға болмайтындығын, оның ересек командаластары осыншама мәрте допты қалай жоғалтуға болатынын түсінбей дал болғанын баяндадым. Ол өз қателігін түсініп, кешірім сұрады. Егер хейт обьективті болса, оны түсініп, дұрыс шешім қабылдау қажет. Бірақ, Макстың өте талантты да дарынды екенін атап өтуім қажет. Оның болашағы зор».

Осы сұхбатында Хамбаров мырза Максты Ресейлік «Ахмат» клубына» сатпағаны жайында да атап өтті. Грозныйлық клуб жас талантқа 200-300 мың доллар ұсыныпты-мыс. Алайда клуб басшылығы ойыншыны 500 мың долларға бағалап, трансферге қарсылығын білдірді.

Бәлкім бұл шешім орынды да болған шығар. Жаңа маусымда Макс өз клубының нағыз белді ойыншысына айналып, 3 турдың өзінде де біршама пайдасын әкеле білді. Қосалқы құрамнан алаңға шығып, «Жетісуге» қарсы қиын ойында командасына жеңіс әкеле білді. «Оқжетпеспен» үйдегі ойында Максим өзінің шеберлігін тағы да паш етіп, нағыз топ деңгейдегі ойыншыдай өз мүмкіндіктерін мүлт жібермеді. «Астанаға» қарсы ойында жойқын соққысымен ойынның есебін ашып, «Астананың» тас-талқанын шығарудың бастамасын салып берді. Статистикалық деректерге сүйенбек ақ, ең қарапайым көрсеткіштерді келтірейін: өткен екі маусымда да (2021,2022) Макс ҚПЛ-ды 3 голмен аяқтаса, осы маусымның басында-ақ өз жеке рекордын жаңартты.

3 турды қорытындылай келе, қымбатқа соғатын легионерлер Видемон, Ұмаев, Томасов, Жоао Пауло да емес, жергілікті жігіт, Ақтөбелік түлектің мергендер тізімін бастап тұрғанын байқау-қандай керемет көрініс! Самородовтың маусымды жақсы бастауы жәй ғана сәйкестік немесе болмашы сәт емес, нағыз шеберліктің көрінісі ретінде қарастырайық. Осы бабынан тынбаса, Самородов әлі ақ қазақ футболының жарқын жұлдызына айналарына сенеміз.