1 мин.

Қазыбек Иса: «Футбол клубтарын мемлекеттен қаржыландыруды тоқтату қажет»

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қазыбек Иса еліміздің футбол спортындағы кемшіліктерді айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Үш күн бұрын футболдан әлем чемпионатына іріктеуде Қазақстан командасының Франциядан 8:0 болып, футбол тарихындағы масқара есеппен жеңілуі елдің қатты наразылығын тудыруда. Баспасөзде аймақтардағы футбол клубтарына 71 млрд теңге жұмсалғаны, тек «Астана» клубының өзіне 15 млрд теңге бөлінгені жарыса жазылуда. Бірақ нәтиже қайда?! «Футбол федерациясының бас хатшысы біз бюджеттен қаражат алмаймыз, 200 млн теңге ғана алдық» деп жауап берді. Ал жеңілістің себебі жақсы футболшылардың тапшылығы дейді. Федерация бюджеттен көп қаржы алмаймыз дейді, бірақ миллиардтарды осы федерацияға кіретін кәсіпқой клубтар облыс әкімдіктері арқылы алуда», – деп тоқталды Қ. Иса Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған сауалында.