1 мин.

Футболдан Қазақстан чемпионы бас бапкерге қатысты шешім шығарды

«Тобыл» командасының бас бапкері Александр Москаленко маусым аяқталған соң қостанайлық командадан кетеді. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады. 

Клуб басшылары Москаленкоға келісімшарттың ұзартылмайтынын хабарлаған. Қазір маман жаңа жұмыс қарастыруда. 

45 жастағы Москаленко Григорий Бабаян кеткеннен кейін «Тобылдың» бас бапкері атанған еді. Оның бастамасымен қостанайлық команда 11 жылдан кейін Қазақстан чемпионы атанды. 

Еске салайық, бұған дейін «Тобылдың» жаңа бас бапкер іздестіріп жатқаны айтылған еді. Бірақ клуб бұл ақпаратты жоққа шығарды.