1 мин.

Қазақстандық футболшы Чехияға кетуі мүмкін

Футболшы қазірдің өзінде чехиялық командада өнер көрсетуде.

18 жастағы шабуылшы Нұрдәулет Мырзабековті «Славия Прага» жастар командасының жаттықтырушылар штабы бақылап отыр.

Өткен жазының соңында алматылық футболдың түлегі Нұрдәулет Мырзабеков Чехияға тіл үйренуге аттанды және сол уақытта «Славия U19» командасында қаралымнан өтті.

Негізінен орталық шабуылшы позициясында ойнайтын Нұрдәулет чехиялық клубтың бапкерлер штабына ұнады, бірақ қазақстандық ойыншымен келісім-шартқа отыру мүмкін болмады. Себебі ол кезде Чехияда трансферлік терезе жабылып қалған болатын. «Славияда» Мырзабековке Чехияның екінші лигасында өнер көрсететін «АБС Браник Прага» клубымен уақытша келісім-шартқа отыру ұсынылды.