Александр Москаленко: «Қазақстан кубогіндегі ойындардан тосынсый күтуге болады»
Қостанайлық клуб кеше өз қақпаларына бес гол жіберіп алды.
«Тобылдың» бас бапкері Александр Москаленко «Шахтермен» өткен кездесуден соң пікірімен бөлісті:
– Кубок ойындарынан әрдайым тосынсый күтуге болады, төменгі дивизиондағы командалардың әлеуеті мықты ұжымдарды ұтқанын талай рет көргенбіз. Ойын алдында бірнеше футболшы көмектесе алмайтыны белгілі болды. Мәселен, Нұрғалиев пен Манзорроға тұмау тисе, бірнеше ойыншы жарақатына байланысты қатыса алмады. Команда чемпионатта ауқымды жұмыс атқарды, эмоцияналды және психологиялық тұрғыда үлкен күш жұмсады. Еуропалық ойындар мен ұлттық құрамадағы кездесулер де біраз нәрсені талап етеді.
Ойынға келсек, бірнеше қателіктер жібердік, мұны «Шахтер» футболшылары пайдаланып кетті. Шабуылда гол соғатын сәттер туындатқанымызбен, дәлдік пен сәттілік жетіспей жатты.