1 мин.

«Қайрат» жастары еурокубоктегі алғашқы ойынында тең түсті

Жауапты ойын 20 қазан күні Алматыда өтеді.

Алматылық «Қайрат» U-19 командасы УЕФА Жастар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта сырт алаңда кипрлік АПОЭЛ-мен 1:1 есебімен тең түсті.

Ойынның 5-минутында Мирас Оматай «Қайратты» алға шығарған болатын. Бірақ 13-минутта Янис Сациас таразы басын теңестірді. Ал кездесудің 31-минутында сары қағаз алған «Қайрат» шабуылшысы Ян Труфанов екі минуттан кейін алаңнан қуылды.

«Кайрат» U-19: Темірлан Анарбеков (қ) – Арсен Азатов, Әділет Садыбеков, Александр Широбоков, Александр Мрынский – Сағи Әнет (к), Мирас Оматай (Жаннұр Көкеев 75), Мирас Көбеев – Ғалымжан Кенжебек (Нұргелді Төлеуханов 66), Арсений Мелещенко (Әлішер Рахымжанов 75), Ян Труфанов;

Қос команда арасындағы жауапты матч 20 қазан күні Алматыда өтеді. Келесі кезеңге өткен жағдайда Кирилл Морунов шәкірттері ПАОК (Грекия) - «Жилина» (Словакия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.