1 мин.

«Әйелім үйге кіргізбей қоймаса болғаны». Есенаманов уәдесін орындады

Футзалдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Шыңғыс Есенаманов команда жартылай финалға шыққанына байланысты имиджін өзгертті.

Футболшы басын тақырлап тастады. Шыңғыс топтық кезеңдегі екі жеңістен кейін Vesti тілшісіне  сұхбатында осындай уәде берген еді.

Ойыннан кейін Есенаманов шашын алып тастаған суретін жариялады: «Ер адам екі сөйлемейді. Ең мықты барбер – Дәурен Тұрсағұлов. Енді әйелім үйге кіргізбей қоймаса болғаны».