Қожағапанов: «Бүгіннен бастап Астана – ашық және таза клуб»
«Астана» футбол клубы Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы Ерлан Қожағапанов Facebook-тегі парақшасында клубқа тағайындалғаннан кейін команданың жоспарлары туралы айтты.
«Достар! Бүгіннен бастап «Астана» ФК Директорлар кеңесі төрағасының маңызды қоғамдық жұмысына кірісемін.
Біз «Астана» ФК-да кәсіби спорт клубтарын бюджеттік және квазибюджеттік қаржыландыруды қысқарту және олардың жұмысының тиімділігін арттыру бөлігінде Мемлекет Басшысының жолдауын ымырасыз және дәйекті түрде орындайтын боламыз. Алдағы уақытта да барлық қолжетімді заманауи әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, клубтың жеке табысын арттыра отырып, «Астаның» бюджеттік қаржыландыруын жыл сайын қысқартатын боламыз.
Біздің міндетіміз – «Астана» ФК-ны сақтап қана қоймай, клубты тұрақты дамуға жетелеу. Біз, әрине, кредиторлық берешекпен айналысатын боламыз. Клубты банкротқа ұшырату жоспарланған деген қауесет шындыққа жанаспайды. Бұған ешкім мүдделі емес. Клубтың несие берушілері көп нәрсе олардың сындарлы ұстанымына байланысты болатынын түсінеді деп үміттенемін. Бірлескен күш-жігерімізбен біз нашар сценарийге жол бермеуіміз керек.
Бүгіннен бастап «Астана» – ашық және таза клуб. Біз бюджеттік және квазибюджеттік қаражаттан қаржыландырылғандықтан, футболшылар мен жаттықтырушылармен қоғамдық келісім-шарттар құпия болмайды. Барлық ақылсыз агенттер мен көтерме төлемдер артта қалады, сондай-ақ футболшылармен және жаттықтырушылармен доллар және евромен жасалған келісім-шарттар. Кімге теңге ұнамаса, басқа жерде жұмыс істесін.
Біздің басты миссиямызды міндетті түрде интернатпен бірге «Астананың» клубтық базасын және толыққанды балалар академиясын құру деп білемін. Өйткені біз елордалық клубпыз. Демек, біз, Нұр-Сұлтанда еліміздің түкпір-түкпірінен, тіпті ең шалғай ауылдан келген дарынды ұлдар мен қыздарға мүмкіндік беруге міндеттеміз.
Біз дамуға қаражат инвестициялаймыз және бюджетті негізсіз қымбат футболшылар мен жаттықтырушыларға, легионерлерге де, қазақстандықтарға да жұмсауды тоқтатамыз. «Астананың» трансферттік саясаты мен практикасы жаппай тексерістен өтеді. «Астана» футболшылардың, ең алдымен шетелдік футболшылардың мансабындағы соңғы аялдама болмақ.
Біз клубтық ресурстардағы ресми жұмысымыз туралы қоғамға үнемі хабардар етіп отырамыз.
PS: Менен баланы «Астана» футбол орталығына алу туралы сұралды. Барлықтарыңыздан осындай өтініштермен хабарласпауларыңызды сұраймын. Пайдасыз! Бәрін тек мамандар алқалық және обьектитві шешеді», – деп жазды Қожағапанов.