«Тобыл» Москаленкомен келісімшарт мерзімін ұзартады

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

«Тобыл» футбол клубы бас бапкер Александр Москаленкомен келісімшартты ұзартады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.

Мәскеулік ЦСКА клубына кеткен Григорий Бабаянның орнын басқан 45 жастағы қазақстандық маман қостанайлық клубты бастап, ел чемпионы атанды. Маусым соңында Москаленко чемпионаттың үздік жаттықтырушысы болып танылды.

Бірақ оның «Тобылда» жалғасты жұмыс істейтін-істемейтіні нақты белгілі болмады. Тіпті, Бабаян қайтып оралуы мүмкін деген ақпарат тараған. 

Бірақ ешқандай өзгеріс болмайды, Москаленко оқу-жаттығу жиындарын жоспарлап, келесі маусымға команданы жасақтауды бастады. Ол демалыстан келе салысымен тараптар жаңа келісімшарт жасайды.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде