Испания құрамасының бұрынғы футболшысы «Ақсуды» жаттықтыруы мүмкін

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Испаниялық футболшы кезінде «Ливерпуль», «Манчестер Сити» клубтарында доп тепкен.

Испания құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Альберт Риера Премьер-лиганың дебютанты «Ақсумен» келіссөздер жүргізуде.

Альберт Риера футболшы ретінде «Мальорка», «Бордо», «Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Галатасарай» секілді клубтардың намысын қорғаған.

Испания құрамасымен бірге Конфедерация кубогінде қола жүлдеге ие болды. Ол бапкерлік мансабын былтыр «Галатасарайда» бас бапкердің көмекшісі ретінде бастаған.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде