Ресейлік команда Қазақстан чемпионатындағы футболшыны сапына қоспақ

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

«Атыраудың» жартылай қорғаушысы Соломон Удо РПЛ-дегі «Нижний Новгород» командасына өтуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Meta-ratings.kz мәліметінше, ресейлік клуб Удоны жартылай қорғаушы Петрюс Бумальдің орнын басатын ойыншы ретінде қарастырып отыр. Ал камерундық футболшы бас бапкер Александр Кержаковпен кикілжіңнен кейін командадан кеткен.

Соломонда ЕАЭО одағына мүше елдің төлқұжаты бар, сондықтан ол Ресей мен Қазақстан нарығында сұранысқа ие. Удо Армения құрамасының негізгі құрамында ойнайды. 

25 жастағы футболшы маусымды «Шахтерде» бастап, жазда «Атырау» сапына жалға алу құқымен өткен. ҚПЛ-де ол 21 матчке қатысты. Ойыншының қарағандылықтармен келісімшарты аяқталуға жақын, сол себепті ол еркін агент кез келген командаға тегін тиеді.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде