«Қызылжардың» грузиялық қорғаушысы командадан кететін болды
Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).
35 жастағы грузиялық жартылай қорғаушы Шота Григалашвили петропавлдық «Қызылжардан» кетеді, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Грузиялық жартылай қорғаушы Шота Григалашвили соңғы төрт маусымда солтүстік қазақстандық команда намысын қорғады. Бірінші жылы командамен бірге ол Бірінші лигаға түсіп, содан кейін Премьер-лигаға қайта оралуға көмектесті.
Команда капитаны болды. «Қызылжар» жейдесінде барлық турнирлерде 85 матч өткізіп, 18 рет мергендігімен көзге түсті.