«Тағы бір маңызды күн!». Игита Чемпиондар Лигасы элиталық кезеңіндегі «Қайрат» – «Аньер-Вильнев» матчы туралы

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Алматылық «Қайрат» АФК қақпашысы әрі капитаны Игита футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің екінші турындағы франциялық «Аньер-Вильнев» командасына қарсы матч туралы пікір бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бүгінгі қиын матчтан кейін ертең тағы бір маңызды күн! Біз УЕФА Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінде «Аньер-Вильнев» командасымен екінші жеңіс үшін күресеміз. «Біз «Қайратпыз», біз Алматымыз, біз Қазақстанбыз! – деп жазды спортшы өзінің Instagram парақшасында. Белоруссиялық «ВитЭнге» қарсы өткен матчта «Қайрат» 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

«Аньер-Вильнев» – «Қайрат» матчы 3 желтоқсанда Түмен қаласында өтеді, басталуы – Алматы уақытымен 17:00-де.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде