«Қайрат» элиталық кезеңді жеңіспен бастады
Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).
«Қайрат» АФК футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінде беларусьтік «ВитЭнмен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматылық клуб элиталық кезеңдегі алғашқы матчын жеңіспен анықтады. Кака шәкірттері 3:2 есебімен ұтты.
Қазақстандық команда қатарынан Савио, Альберт Ақбалықов және Шыңғыс Есенаманов мергендік танытты.
Осылайша, «Қайрат» топтық кезеңдегі алғашқы үш ұпайын қоржынға салды.
Ел чемпиондары ертең франциялық «Аньер-Вильнев» комадасымен кездеседі.
«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) — «ВитЭн» (Орши, Беларусь) 3:2 (2:2) Гол соққандар: Еремин 2 (0:1), Савио 4 (1:1), Ақбалықов 13 (2:1), Роговик 14 (2:2), Есенаманов 31 (3:2).