«Қызыл-Жар» келесі маусымның алғашқы бөлігіндегі ойындарды «Астана Аренада» өткізеді

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

«Қарасай» стадионында жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

«Қызыл-Жар» клубының президенті Григорий Лория Петропавлдағы «Қарасай» стадионын қайта жөндеу жұмыстарының барысы туралы айтты, деп хабарлайды МТРК телеарнасы.

«Келесі жылы біздің өз стадионымызда ойнай алмайтынымызды бәріңіз білесіздер. Оны футбол федерациясы жауып тастады, себебі біздің алаң мен стадионның инфрақұрылымы стандартқа сай емес. Стадион ескі... 20 жылдан бері күрделі жөндеу болған жоқ», – деді клуб президенті.

«Қарасай» стадионында наурыздан маусым айына дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы уақыт аралығында петропавлдық клуб өз алаңындағы барлық матчтарды елордада өткізеді.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде