Оразов: «Төрттік финалға шығуды көздеп отырмыз»
Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).
«Қайрат» АФК ойыншысы Біржан Оразов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында команданың УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне дайындық барысы туралы айтты, деп жазады Prosports.kz.
– Команданың дайындығы өте жақсы жүріп жатыр. Ұжымдық және жеке жаттығулар қарқынды өтеді. Жаттықтырушылар қарсыластарымызды зерттеп жатыр, алда олардың ойындарының видеожазбасын қараймыз.
– «Қайраттың» Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіндегі мақсаты қандай? – Әрине, біз Еуропадағы ең үздік клубтардың біріміз, сондықтан алдымызға биік мақсаттар қоямыз. Төрттік финалға шығуды көздеп отырмыз.
«Қайрат» АФК Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің А тобында ресейлік «Тюмень», франциялық «Аньер-Вильнев» және беларусьтік «Витэнмен» бірге бақ сынайды. Матчтар 2-5 желтоқсанда ресейлік клубтың алаңында өтеді.