Қазақстан әйелдер құрамасы Франциядан оңбай ұтылды
Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).
Қыздарымыз қақпасына алты гол жіберіп алды.
Қазақстан әйелдер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Франциядан 6:0 есебімен жеңіліп қалды.
Алаң иелері сапында Вивьен Ассейи, Дельфин Каскарино, Мари-Антуанетт Катото, Эв Периссе, Валери Говен (пенальти) және Кенза Дали мергендік танытты.
Қазақстан-W: Ирина Саратовцева (қ) (к) – Анастасия Власова, Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева, Кұндыз Қожахмет, Айша Садықова (Анастасия Низамутдинова 84) – Әйгерім Айтымова, Мадина Жаңатаева, Фатима Сатығалиева (Назмина Сағатова 90+2), Әселхан Тұрлыбекова – Әсел Күбесова;
Калоян Петков шәкірттері келесі матчын 8 сәуір күні Словакияға қарсы өткізетін болады.