Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін
Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).
Оралдық «Ақжайық» командасының қорғаушысы Еркін Тапалов карьерасын басқа командада жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Meta-ratings.kz ақпараты бойынша, 28 жастағы қорғаушыға «Ақтөбе» командасы қызығушылық білдіріп отыр.
2021 жылғы маусымда Тапалов «Ақжайықтың» ең маңызды футболшыларының бірі болды. Ол Қазақстан біріншілігінде 25 ойынға қатысып, екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, биыл ол Қазақстан құрамасында дебют жасады.