«Базель» капитаны: «Қайраттың» жақсы команда екенін білеміз»
Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).
Матч бүгін Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Швейцариялық «Базель» командасының капитаны Валентин Штокер Конференция лигасының топтық кезеңінде «Қайратпен» болатын ойынға қатысты пікір білдірді.
– Қазақстанға жету үшін 7 сағат ұшып келіңіздер? Жолда қиындықтар болды ма?
– Бұл өте ұзақ сапар болды. Сондықтан демалуға уақытымыз жеткілікті болсын деп ертерек келдік.
– Команданың көңіл-күйі өте жақсы сияқты. Ертеңгі матчта жеңіске жететініңізге сенімдісіз бе?
– Менің ойымша, сенімділік пен жақсы көңіл-күйдің айырмашылығы бар. «Қайраттың» ойындарын тамашаладық және олардың жақсы команда екенін білеміз. Біз жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз.
– Яцек Гуральский «Қайрат» сапына қайта оралды. Ол Швейцарияда өткен алғашқы ойынға қатысқан жоқ. Сіз онымен болатын текетіреске дайынсыз ба, өйткені ол сізбен бір позицияда ойнайды?
– Футболдың командалық спорт екенін білесіз. Біздің әрбір ойыншы өз позицияларында болатын жекпе-жекке дайын болуы керек.
– Сіздің командаңыз Швейцария кубогінен шығып қалды, сонымен қатар «Цюрих» (3:3) пен «Санкт-Галленге» (0:1) есе жіберді. Осыдан кейін халықаралық үзіліс болды. Ал команда мұнда қандай көзқараспен келді? Бұл сәтсіз серияны қалай бұзуды көздеп отырсыздар?
– Байқағаныңыздай, біздің команданың көңіл-күйі жақсы. Нашар ойнасақ, жаттығуда аянбай тер төгуіміз керек. Біз ертең қалаған нәтижеге жету үшін жақсы дайындалдық деп ойлаймын.