Курбан Бердыев «Қайратпен» келісімшартына байланысты мәлімдеме жасады

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Курбан Бердыев командамен келісімшартына байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Еске салайық, оның қазіргі келісімшарты жыл соңында аяқталады.

«Келісімшартты ұзарту мәселесі «Базель» және «Шахтер» ойынының нәтижелеріне байланысты болмайды. Біз болашаққа ауқымды қарап отырмы. Менің Қайрат Советұлымен қарым-қатынасым жақсы. 15 желтоқсаннан кейін келісімшарт туралы сөйлесеміз», – деді Курбан Бекиұлы. 

Айта кетейік, бұған дейін Бердыевтің келісімшартын «Қайратпен» тағы екі жылға созуға болады деген ақпарат шыққан еді. 

Еске салайық, ертең, 25 қараша күні «Қайрат» Конференция лигасы топтық кезеңінің бесінші турында «Базельге» қарсы ойын өткізеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 21-30-да басталады. 

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде